Қостанай облысында сәуірдің басынан бері 30-дан астам адам кене шағуына байланысты дәрігерге жүгінді

Қостанай облысында сәуірдің басынан бері 30-дан астам адам кене шағуына байланысты медициналық көмекке жүгінді.
Материалда жәндіктердің ауа температурасының көтерілуіне байланысты белсенділігі артқаны айтылған. Эпидемиологтар жағдайды тұрақты деп бағалап отыр. Кене шағу деректері өткен жылмен шамалас.
Биыл кене шағуы көбіне Қостанайда, Рудныйда және Қарабалық ауданында тіркелген.
Зерттеу жүргізу үшін Ұлттық сараптама орталығының мамандары 2 мың кенені жинап, оларды инфекцияларға тексереді. Соңғы 10 жылда өңірде энцефалит пен боррелиоз анықталған үлгілер тіркелмеген.
Кенеге қарсы профилактикалық өңдеу жұмыстары тек қала сыртындағы демалыс базаларында және балалардың сауықтыру лагерьлерінде жүргізілетіні нақтыланды.
"Тіпті аумақ эндемиялық емес екенін ескерсек те, табиғат аясында жайлы демалысты қамтамасыз ету үшін дезинсекциялық іс-шаралар жүргізіледі. Кенелердегі вирустардың айналымына мониторинг жасалады. Ол үшін жыл сайын кене жиналады. Кене энцефалитінен бөлек туляремия, лептоспироз және басқа да инфекцияларды қараймыз", – деп түсіндірді Қостанай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досумова.
Анықтама: кене энцефалиті – бас және жұлын миын зақымдайтын вирустық ауру, сондықтан өте қауіпті болуы мүмкін.
Бұған дейін Алматыда жылынған ауа райымен бірге кенелер "ояна" бастағаны туралы жазылған. Эпидемиологтардың дерегінше, биыл 78 адам кене шағуына байланысты медициналық көмекке жүгінген, олардың жартысынан көбі — 14 жасқа дейінгі балалар.
Сондай-ақ: Имеют свой стиль охоты и вызывают лихорадку. Где в Казахстане живут опасные клещи


