Қостанай облысындағы тас жолда болған жол апатынан төрт адам қаза тапты

Қостанай облысында тас жолда жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан төрт адам қаза тапты.
Өңірдің баспасөз қызметінің мәліметінше, апат Костанай — Әулиекөл — Сұрған тас жолының 106-шақырымында болған. Алдын ала дерек бойынша, Mercedes-Benz 200 көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, ВАЗ 2107 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан төрт адам көз жұмды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


