Қостанай облысында із-түзсіз жоғалған 17 жастағы жасөспірімнің денесі табылды

Қостанай облысында бұған дейін Қостанай қаласында жоғалып, іздеуде болған кәмелетке толмаған жасөспірімнің денесі табылды.
Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмағанның із-түзсіз жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Гагарин бөгетіне жақын маңдағы қамыс өскен аумақта жасөспірімнің денесін тапқан. Денеде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратудан бас тартып, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.
Не болды
Еске салайық, индустриялық колледждің 17 жастағы студенті Владимир Орел 17 наурыз күні жатақханадан шығып кеткеннен кейін жоғалып кеткен. Оны іздеу жұмыстары ауқымды түрде жүргізілді — полиция қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және еріктілер жұмылдырылды. Тобыл өзені маңы мен қаланың шет аймақтары күн сайын тексеріліп, бейнебақылау камераларының жазбалары да қаралған.
Бұған дейін жасөспірімнің анасы көмек сұрап бейнеүндеу жазып, қандай да бір ақпарат білетіндерді полицияға хабарлауға шақырған.


