Таразда полиция қызметкері мен педагог балаларымен бірге отбасын құтқарды

Таразда кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі Тараз қалалық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Алишер Ермеков пен мектеп директорының орынбасары Эльмира Есельбаева жергілікті мектеп оқушыларының бірінің сабаққа келмеу себебін анықтау үшін оның үйіне тексеріспен барды.
Оқиға болған күні сегіз жастағы бала мектепке келмеген, ал оның ата-анасы қоңырауларға жауап бермеген. Үйдің қақпасын ешкім ашпаған. Көршілер отбасының кештен бері сыртқа шықпағанын және, мүмкін, үйде жоқ екенін айтқан.
Күдік туған соң инспектор қоршаудан асып өтіп, терезеден ес-түссіз жатқан баланы көрген. Ол үйге кіріп, терезелерді ашқан.
Бөлмелерді аралау кезінде учаскелік инспектор отбасының барлық мүшесін — отағасын, жұбайын, 12 және 10 жастағы қыздарын және 8 жастағы ұлын — ес-түссіз күйде тапқан. Кейін тұрғындардың көміртек тотығынан (угар газынан) уланғаны анықталды. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.
Дәрігерлердің айтуынша, егер отбасы бір сағатқа кеш табылғанда, құтқаратын адам қалмас еді. Учаскелік инспектор мен мектеп директоры орынбасарының әрекетінің арқасында отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қазір қауіп жоқ. Олар бір аптадан кейін ауруханадан шығарылатыны айтылды.
t.me/kriminal_kazakhstan


