Астана маңында автокөлік ұрлады деген күдікпен 21 жастағы жігіт ұсталды

Ақмола облысының Бурабай ауданында полицейлер автокөлік ұрлады деген күдікпен 21 жастағы азаматты ұстады.

Мәліметке сәйкес, көлік 27 наурызға қараған түні Астана – Петропавл тасжолындағы жол бойындағы дәмхананың автотұрағынан ұрланған.
Бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің жеке басы мен оның қозғалыс бағыты жедел анықталған. Алдын ала дерек бойынша, ол 21 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Күдікті мас күйде болып, көлікті «жай ғана мініп жүру» үшін айдап әкеткен болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


