Ақмола облысында Шағалалы өзеніндегі понтон көпірден су асып, құтқарушылар өткел ұйымдастырды

ТЖМ құтқарушылары өткел ұйымдастырды

🚧 Ақмола облысы Зеренді ауданындағы Шағалалы өзенінде судың көп келуіне байланысты понтон көпір арқылы су асып төгілді. Аталған көпір ауылдың негізгі бөлігін 28 тұрғын үй орналасқан көшелердің бірімен байланыстырады.
🛶 Балама жол болғанына қарамастан, жергілікті тұрғындар мен жергілікті атқарушы органдардың өтініші бойынша оқиға орнында өткел ұйымдастырылды. Құтқарушылар қайықпен 16 адамды тасымалдап, тұрғындардың үйлеріне жетуіне және азық-түлік алуына мүмкіндік жасады.
🚜 Жергілікті атқарушы органдар арнайы техниканың көмегімен мұз кептелісін жойып, көпірдің бұзылуына жол бермеді.
✅ Қазіргі уақытта көпір қалыпты жағдайда, су деңгейі төмендеуде. Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар, ДЧС қызметкерлері мен полиция кезекшілікті жалғастыруда.


