Жылыту маусымында әлеуметтік осал топтар үйлеріне 50 мың газ және түтін датчигі орнатылды

Жылыту маусымы басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушылары аула аралау жұмыстары барысында 1,7 млн-нан астам үйді қамтып, 4,3 млн-нан астам азаматқа нұсқаулық берді. 🏘️ Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін кемшіліктер тұрғындарға жеткізіліп, оларды жою бойынша ұсынымдар берілді. ТЖМ бөлімшелері мен әкімдіктердің қолдауымен 24 мыңнан астам үйде анықталған бұзушылықтар жойылды.
♨️ Әлеуметтік осал топтар тұратын 104 мыңнан астам үй ерекше бақылауға алынды. Бұл үйлер жылыту маусымы басталар алдында өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне тексеріліп, сондай-ақ тұрақты аула аралау барысында қайта қаралды.
Жергілікті атқарушы органдар мен волонтерлермен бірлесіп, әлеуметтік осал топтардың үйлеріне 50 мың улы газ, табиғи газ және түтін датчигі орнатылды.
🖥 Толығырақ ҚР ТЖМ ресми сайтынан оқыңыз.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе





