Астанада ер адамды соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Астанада ер адамды соққыға жығу оқиғасы бойынша мекемеден видео материал жолданған.
Полицияның мәліметінше, қасақана жеңіл дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталған, оны ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Анықталғандай, 27 наурызда елордадағы мекемелердің бірінде келушілер арасында сөздік жанжал болған. Жанжал барысында жәбірленушіге дене жарақаттары келтірілген.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде тараған оқиғаға полиция қызметкері қатысы бар деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні атап өтілді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


