ТЖМ құтқарушылары Ақтөбе облысындағы Елек өзенінде 2016 жылы туған баланы іздестіру жұмыстарын жалғастыруда

ТЖМ құтқарушылары су айдынында іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда

🔎 Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында, Сарыжар ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Елек өзенінде 2016 жылы туған баланы іздестіру бойынша құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыстар тәулік бойы үздіксіз жүргізілуде. ТЖМ-нің үш сүңгуір тобы 23 рет суға түсіп, шамамен 550 метр акваторияны тексерді. Бес жүзу құралының көмегімен оқиға орнынан Саржансай ауылына дейінгі 45 шақырымға жуық өзен учаскесі қаралды.
Сонымен қатар, жағалау бойымен екі бағытта жаяу іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда шамамен 20–22 шақырым жағалау аумағы тексерілді.
Құтқару жұмыстарына ТЖМ бөлімдері, полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.
Жалпы іздестіру-құтқару жұмыстарына шамамен 90 адам, 30-дан астам техника, 6 ұшқышсыз ұшу аппараты, 7 жүзу құралы және ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы тартылды.
Спасатели МЧС продолжают поисково-спасательные работы на водоеме
🔎 В Мартукском районе Актюбинской области на реке Илек, расположенной в 5 километрах от села Сарыжар проводятся поисково-спасательные работы по поиску ребёнка 2016 года рождения.
Работы ведутся в круглосуточном режиме. Тремя водолазными группами МЧС выполнено 23 погружения, обследовано порядка 550 метров акватории. С применением пяти плавсредств проведено обследование участка реки протяжённостью до 45 километров от места происшествия до села Саржансай.
Одновременно по обеим сторонам береговой линии ведутся пешие поисковые мероприятия. На текущий момент обследовано порядка 20–22 километров прибрежной территории.
В операции задействованы силы и средства подразделений МЧС, департамента полиции, местных исполнительных органов, а также волонтёры и местные жители.
Всего в поисково-спасательной операции задействовано порядка 90 человек, более 30 единиц техники, 6 беспилотных летательных аппаратов и 7 плавсредств и вертолет АО"Казавиаспас" МЧС.


