ТЖМ құтқарушылары Түркістан облысында Келес өзеніне батып кеткен 2018 жылы туған баланы іздестіруде

Түркістан облысы Келес ауданында 2018 жылы туған баланы іздеу бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Анасының айтуынша, бала 23 наурыз күні сағат 17:00 шамасында Келес өзенінде суға құлап, суға батып кеткен.

Іздестіру жұмыстарын жүргізуге ТЖМ, полиция, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, сондай-ақ туыстары мен еріктілері тартылды.
17:30 жағдай бойынша облыстың ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Абай және Жүзімдік ауылдарының аймағындағы ұзындығы 42 шақырым Келес өзенінің арнасын арнайы ілмектер мен арқандарды пайдалана отырып тексеруде. Еріктілермен бірге Жүзімдік, Қызыләскер және Ғ. Мұратбаев ауылдарының су жағалауларында тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта ТЖМ сүңгуірлерін тарта отырып, өзен беті бойынша 15 шақырым және су астында 900 метр тексерілді.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағы жүзу құралдарын пайдалана отырып, ұзындығы 9 шақырым болатын Лесбекбатыр елді мекенінен Сырдария өзеніне дейінгі учаскеде іздестіру жұмыстарын жүргізуде. ТЖМ 5 ұшқышсыз ұшу аппаратын қолдану арқылы Келес өзені мен Сырдария жағалауы бойындағы ұзындығы шамамен 55 шақырым аумақты тексеруде.
Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін эхолот жабдығы және 8 жүзу құралы тартылды.
Іздеудің тиімділігін арттыру мақсатында су деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылданды: 28 наурызда Қазығұрт ауданындағы шлюздің жұмысы тоқтатылды, 29 наурызда Өзбекстан Республикасының «Зах» каналының шлюзі жабылды. Бұл су деңгейін төмендетуге ықпал етеді.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда және бақылауда. Барлық тартылған қызметтер қажетті шараларды қабылдайды.


