Кентауда 16 жастағы жасөспірім жоғалып, полиция тұрғындардан көмек сұрады

Кентауда полиция қызметкерлері жоғалған жасөспірімді іздеуге байланысты тұрғындарға үндеу жасады.
Полиция мәліметінше, Сулеймен Дамир Канатович, 2010 жылы туған, 9 наурыз 2026 жылы үйінен шығып, қайта оралмаған. Қазіргі уақытта оны полиция іздестіріп жатыр.
Құқық қорғау органдары жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды мына телефондарға хабарласуға шақырды: 8-775-000-02-11, 8-705-311-78-53, сондай-ақ "102" арнасына.
Полиция кез келген ақпараттың маңызды болуы мүмкін екенін атап өтіп, азаматтарды ынтымақтастыққа шақырды.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысында алдын ала мәлімет бойынша өзенге батып кетуі мүмкін 10 жастағы оқушыны бір тәуліктен астам уақыттан бері іздеу жалғасып жатқаны еске салынды. Бала достарымен велосипед тебуге шығып, үйіне оралмаған. Оны сүңгуірлер мен ондаған адам іздеп жатыр, іздеу жұмыстарына тікұшақ та тартылған.


