Алматыда басқа өңірлерден келген патрульдер туралы таралымға ІІМ түсініктеме берді

Мессенджерлерде алматылық жүргізушілер бір-біріне Алматыға басқа облыстардан полицейлік патрульдер келіп жатқаны туралы таралым жіберіп жатыр. Бұл ақпаратқа Ішкі істер министрлігі (ІІМ) пікір білдірді.
Таралымда не айтылған Хабарламаларда Алматыға басқа өңірлерден патрульдік полиция экипаждары "отработкалар" жүргізу үшін жіберілгені жазылған. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысынан 100 экипаж келгені туралы мәлімдеме бар.
Сондай-ақ таралымда "мәселені шешуге" тырысқан жүргізушілер өздері жүгінген адамдармен бірге жазаланатыны айтылған.
ІІМ жауабы ІІМ кейбір жағдайларда жұмысқа шынымен де басқа өңірлерден полицейлер тартылатынын түсіндірді.
"Мұндай тәжірибе жүйелі сипатқа ие және жедел әрі криминогендік ахуалды ескере отырып, елдің барлық өңірінде жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда жекелеген өңірлерге практикалық көмек көрсету және профилактикалық жұмысты күшейту үшін қосымша бөлімшелер жіберіледі", — деп атап өтті ведомство.
ІІМ мәліметінше, негізгі мақсат — құқықбұзушылық санын азайту және жолдарда тәртіп орнату. Барлық тексерулер мен іс-шаралар заңға сәйкес өтеді.
Бұған дейін Алматыдағы резонансты жол-көлік оқиғасынан кейін депутаттар ауқымды шаралар қабылдауды талап еткені айтылған.
Еске салайық, 21 наурызға қараған түні өлімге әкелген апат болды: Әл-Фараби және Мендикулов көшелерінің қиылысында Mercedes пен Zeekr көліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты. 29 жастағы жүргізуші және Mercedes көлігіндегі 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі тірі қалып, жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жол апаты кезінде ол мас болған.
Сонымен қатар, мемлекеттік нөмірлік белгілердің ықтимал заңсыз берілуі туралы уәждер бойынша өзіндік қауіпсіздік департаменті қылмыстық іс қозғады, бірқатар лауазымды тұлға қызметінен айырылды.


