Қазақстанда жүргізушілер жолдағы зақым үшін «ҚазАвтоЖолға» қарсы сотқа жүгінуде

Қазақстанда автомобилистер жолдағы ақаулар салдарынан көліктері зақымданғанын айтып, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына қарсы сотқа талап-арыздар беріп жатыр. Бұл туралы СЦК-дегі брифингте ұлттық компания басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеді.
Жолдардың нашар жағдайына байланысты жүргізушілерге өтемақы төленді ме деген сұраққа жауап берген Иманашев ауыр жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі басқа себептерден болатынын айтты.
«Өліммен аяқталатын ЖКО-лардың көбі — попутты және қарсы бағыттағы соқтығыстар. Мұндай жағдайларда апаттың жол жабынының нашарлығынан болғаны көрсетілмейді», — деді ол.
Сонымен бірге «ҚазАвтоЖол» басшысы жүргізушілер тарапынан ұлттық компанияға шағымдар бар екенін растады.
«Қазір “Қазавтожолға” қатысты шамамен жеті талап-арыз бар, онда автокөлік иелері дөңгелектің жарылуы немесе жүріс бөлігі зақымдануы сияқты бүлінулер бойынша сотқа жүгінген. Мұндай талап-арыздар бар», — деді Иманашев.
Ұлттық компания басқарма төрағасы өтемақы мәселесі құқықтық алаңда қаралатынын атап өтті.
«Расталған жағдайда келтірілген шығынды өтеуге дайынбыз — сот шешімі бойынша», — деп қосты ол.
Читайте также: Наехал на яму и повредил авто: как получить компенсацию за ущерб


