Павлодарда құтқарушылар Ертіс өзенінің мұзынан бес баланы алып шықты

Павлодар қаласында патрульдеу барысында ТЖД қызметкерлері Ертіс өзенінде болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алды. Құтқарушылар мұз жиегінде тұрған, өмірлеріне қауіп төндірген бес кәмелетке толмаған баланы байқады.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шұғыл түрде шара қабылдап, балаларды мұздан алып шықты. Кәмелетке толмағандар ата-аналары келгенге дейін ТЖД бөлімшесіне жеткізілді.
Аталған факті бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналары ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ТЖМ тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін және әсіресе мұздың бұзылу кезеңінде жұқа мұзға шығуға болмайтынын ескертеді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...




