Көкшетауда ТЖД құтқарушылары пәтерде қамалып қалған 6 жастағы баланы құтқарды

Көкшетау қаласында құтқарушыларға пәтерде 6 жастағы баланың қамалып қалғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен пәтерге кіріп, есікті ішінен ашты.
Бала ата-анасына табысталды. Қыз бала медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
ТЖД ата-аналарға ескертеді: балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз. ⚠️
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


