Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді

Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі кейінге шегерілді. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова хабарлады.
Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдар тәжірибесін зерделей отырып, балаларды 1-сыныпқа қабылдау науқанының басталу күнін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Өзгеріс құжат қабылдауды «тиімді әрі сапалы ұйымдастыру» мақсатында, сондай-ақ оқу үдерісіне кедергі келтірмеу үшін енгізілгені айтылды.
Министрдің мәліметінше, биыл құжат қабылдау 27 мамыр, сәрсенбі күні басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Қазіргі уақытта база бірнеше мәрте тестілеуден өтіп жатыр, ал ата-аналар үшін барынша қолайлы жағдай жасалған. Бұл туралы қосымша ақпарат кейінірек жарияланатыны атап өтілді.
Бұған дейін Түркістан облысында төрт жастағы вундеркинд баланың 1-сыныпқа қабылданғаны туралы жазылған.
Сондай-ақ: Қазақстанда монша мен қоймаларда өтетін сабақтар: бейімделмеген мектептерге не болады


