Қарағандыдағы тергеу изоляторында бейнекамераны бүлдіргені үшін сот қосымша жаза тағайындады

⚖️ Қарағанды қаласының Қазыбекбий аудандық соты тергеу изоляторында бейнебақылау жүйесін қасақана бүлдірді деп айыпталған қамаудағы адамға қатысты қылмыстық істі қарады.
Соттың анықтауынша, 2024 жылғы 13 қыркүйекте ол тергеу изоляторындағы камерада бола отырып, мекеме қызметкерлерінің заңды талаптарын елемей, бейнебақылау камерасын қасақана бүлдірген. Оқиға салдарынан 90 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.
Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 428-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза 20 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түрінде белгіленді.
Сонымен қатар сотталған азаматтан мекеме пайдасына 90 мың теңгеден астам материалдық шығын өндірілді.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
⚖️ Повреждение камеры в карагандинском СИЗО обернулось дополнительным сроком
Казыбекбийским районным судом города Караганды рассмотрено уголовное дело в отношении арестованного, обвиняемого в умышленном повреждении системы видеонаблюдения в следственном изоляторе.
Судом установлено, что 13 сентября 2024 года, находясь в камере следственного изолятора, он проигнорировал законные требования сотрудников учреждения и умышленно повредил камеру видеонаблюдения, причинив ущерб на сумму более 90 тыс. тенге.
Приговором суда он признан виновным по ч. 1 ст. 428-1 УК РК. Ему назначено наказание в виде одного года лишения свободы. По совокупности приговоров окончательно назначено 20 лет 6 месяцев лишения свободы.
Кроме того, с осужденного взыскан материальный ущерб в пользу учреждения в размере более 90 тыс. тенге.
#ЗАКОНИПОРЯДОК
📱 POLISIA.KZ


