Өскеменде дүкеннен 80 қорап Merci шоколады ұрланды деген күдікпен ер адам ұсталды

🍫 Өскеменде облыс орталығындағы ірі сауда орталықтарының бірінде бірнеше рет жасалған ұрлық фактісі тіркелді.
Тергеу дерегінше, қаңтар-ақпан айлары аралығында ер адам сауда залынан бірнеше рет тауар ұрлаған. Ол ешкім байқамаған сәттерді пайдаланып, заттарды сыртқы киімінің ішіне жасырып, ақысын төлеместен дүкеннен шығып кетіп отырған.
Күдіктінің негізгі нысанасы тәтті өнімдер болған. Ол жалпы саны 80 қорап Merci шоколадын жымқырған. Сонымен қатар, күдікті косметикалық құралдарды, азық-түлік пен жеке гигиена заттарын да ұрлағаны айтылды.
Осы заңсыз әрекеттер салдарынан сауда ұйымына 250 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.
Кезекті ұрлық әрекеті кезінде күдіктінің жеке басы ШҚО ПД жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен анықталып, ұсталды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП

