Теректі ауданындағы Подстепное ауылында маршруттық және мектеп автобустары қатысқан жол апаты болды

🔹 Бүгін шамамен 14:00-де Теректі ауданының Подстепное ауылында маршруттық және мектеп автобустары қатысқан жол-көлік оқиғасы болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, маршруттық автобус Самара – Шымкент республикалық автожолымен қозғалып келе жатып, мектеп автобусымен соқтығысқан. Одан кейін мектеп автобусы инерциямен алда тұрған автокөлікке соғылған.
ЖКО салдарынан зардап шеккендер бар, олардың арасында балалар да бар. Қуанышқа қарай, қаза тапқандар жоқ. Барлығына медициналық көмек көрсетілді.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Маршруттық автобустың жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Барлық мән-жай анықталуда, әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі.
#ЗАКОНИПОРЯДОК
📱 POLISIA.KZ


