Ақтөбе — Жайсан тасжолында ВАЗ-2115 пен Lada Granta қатысқан ауыр жол апаты болды

Ақтөбе — Жайсан автожолында ВАЗ-2115 және Lada Granta көліктері қатысқан ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға орнынан түсірілген видео желіде жарияланды.
Кадрлар
Instagram-пабликтердің бірінде жол апаты болған жерден кадрлар жарияланды.
Пост мәтінінде: «Өліммен аяқталған маңдайдан соқтығысу бүгін түнде Ақтөбе — Мартук тасжолында болды» деп жазылған.
Полиция не дейді
Өңірлік полицияның баспасөз қызметі апаттың 10 сәуір күні шамамен 23:00-де Ақтөбе — Жайсан автожолында болғанын хабарлады.
Полицияның мәліметінше, жол апаты ВАЗ-2115 және Lada Granta көліктерінің қатысуымен болған. Нәтижесінде ВАЗ-2115 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан. Ал Lada Granta көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілген.
Аталған факті бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Ақтөбе облысы полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырып, жылдамдықты асырмауды (әсіресе түнгі уақытта), қарсы бағытқа шықпауды және шаршаған немесе ұйқысы қанбаған күйде көлік тізгіндемеуді еске салды.


