Астанада Бараев көшесіндегі тоннельде Changan көлігі аударылып қалды

Астанада жерасты тоннелінде жеңіл көлік аударылып қалды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, қолданушылар оны ерекше жол-көлік оқиғасы ретінде бағалаған.
Кадрлардан Бараев көшесіндегі тоннельде Changan маркалы автокөліктің бордюрге соғылғаны, содан кейін көліктің аударылып кеткені көрінеді.
Полицияның мәліметінше, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған.
«Changan маркалы автомашинаның жүргізушісі Бараев көшесімен жерасты тоннелі арқылы жүріп келе жатып, рульдік басқаруды игере алмай, соның салдарынан бордюрге және қабырға қасбетіне соғылып, кейін көлік төбесіне аударылды», — деп хабарлады полиция департаменті.
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


