Ұлытау облысында ірі ұрлық бейнебақылауға түсіп, күдіктілер ұсталды 👿

Ұлытау облысында қылмыстық полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде мүлік ұрлау дерегін ашты.
Оқиға наурыз айында тіркелген. Полиция бөліміне Жәйрем кентінің тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, кешкі уақытта белгісіз адамдар металл торды жұлып, пластик терезені сығып ашу арқылы жеке үйіне кірген.
Ұрылардың олжасы — ішінде ақша қаражаты, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар және асыл тастары бар алтыннан жасалған көптеген зергерлік бұйымдар болған металл сейф. Жалпы материалдық шығын 9 млн теңгеден асты.
Қылмыс сәті ЦОУ-ға шығарылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрларда екі ер адамның қара түсті материалға оралған ұрланған сейфті алып шыққаны көрінеді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Алматы, Қарағанды қалалары мен Жәйрем кенті аумағында 27-ден 39 жасқа дейінгі үш күдіктіні анықтап, ұстады.
Ұсталғандардың арасында Жаңаарқа ауданының тұрғындары болып табылатын екі ағайынды бар. Барлық күдіктілер ИВС-ке қамалды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге екіден жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қолданылуы мүмкін.
#ЗАКОНИПОРЯДОК
📱 POLISIA.KZ


