Қазақстанда 16 наурыздағы сауда қорытындысы: доллар бағамы 486,20 теңгеге дейін төмендеді

Қазақстанда 16 наурыздағы сауда нәтижесінде доллар бағамы төмендеді.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 486,20 теңге болды. Бұл көрсеткіш 4,49 теңгеге төмендеген.
Ұлттық банктің 16 наурызға арналған ресми бағамы 1 доллар үшін 491,29 теңге деңгейінде белгіленді.
kurs.kz дерегіне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы төмендегідей:
Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі орташа бағам: - сатып алу – 485,43 теңге; - сату – 487,91 теңге.
Астанадағы айырбастау пункттеріндегі орташа бағам: - сатып алу – орта есеппен 484,04 теңге; - сату – 491,04 теңге.
Еске салайық, 6 наурызда Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Ол бұрынғы деңгейде — жылдық 18 пайыз, +/- 1 пайыздық пункт дәлізімен сақталды.
Кейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мұнай бағасының әлемдік өсімі аясында ұлттық валютаның ықтимал нығаюы туралы әңгімелерге пікір білдірді. Оның айтуынша, реалистік экономикалық сценарийлерде доллардың 400 теңге деңгейіндегі бағамы қарастырылмайды.
Сондай-ақ: Таяу Шығыстағы қақтығыс теңгеге қалай әсер етеді — Ұлттық банк басшысының жауабы


