Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар бағамы күрт төмендеді

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар бағамы күрт төмендеді.
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы: 2 сәуір Сағат 12:20-дағы жағдай бойынша Астанада айырбастау пункттері долларды орта есеппен 475 теңгеден сатады, 468 теңгеден сатып алады. Алматыда АҚШ валютасын сату бағамы 472,44 теңге, ал сатып алу бағамы орта есеппен 470 теңге болды.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде сатып алушылар тарапынан ажиотаж байқалмайды.

Айта кетейік, 1 сәуірде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 475,09 теңге болып, 3,06 теңгеге төмендеді.
Сол күні Астанада айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 480 теңгеден сатылып, 473 теңгеден сатып алынған. Алматыдағы айырбастау орындарында доллардың орташа сату бағамы 476,47 теңге, сатып алу бағамы — 474,22 теңге болды.
2 сәуірге арналған ресми бағам Ұлттық банктің 2 сәуірге белгілеген ресми бағамы — 1 доллар үшін 475,09 теңге.
Теңге бағамына не әсер етеді Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтен доллар бағамының неге төмендеп жатқаны және оның қазақстандықтарға әсері туралы сұралған. Оның айтуынша, ұлттық валюта нығайып келеді: елдің негізгі экспорты — мұнай (экспорттық түсімнің 50 пайыздан астамы) — қымбаттап, нарықтағы валюта ұсынысын арттырады. Соның нәтижесінде доллар бағамы төмендейді.
Сүлейменов Ұлттық банк инвестициялық кеңес бермейтінін, ал қазақстандық теңгенің тұрақтылығын дәлелдегенін атап өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша теңге жоғары табыстылық көрсетіп, тәуекел мен табыстылық арақатынасы тұрғысынан әлемдегі ең қызықты валюталардың бірі саналады, бұл инвестиция тартуға ықпал етеді.
Ұлттық банкте бұған дейін теңге бағамының қазіргі динамикасы 2026 жылдың басынан бері байқалып отырған ұлттық валютаның нығаюын көрсететінін, ал ақпанда бұл үрдіс айқын күшейгенін түсіндірген. Ұлттық банк мәлімдеуінше, нығаю объективті нарықтық факторлармен байланысты және жекелеген сыртқы оқиғаларға қысқа мерзімді реакция емес.
Сондай-ақ Ұлттық банк икемді айырбас бағамы саясатын ұстануды жалғастыратынын, бұл теңгерімсіздіктерден сақтануға және алтын-валюта резервтерін сақтауға көмектесетінін айтты.
Еске салайық, 6 наурызда Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Ол бұрынғы деңгейде — жылдық 18 пайыз, дәлізі +/- 1 пайыздық тармақ болып сақталды.


