Алматыда көше-жол желісіне ағымдағы жөндеу басталды: Назарбаев даңғылында люктер көтеріліп, Төле би көшесінде қозғалыс уақытша жабылады

Алматыда көше-жол желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.
Әкімдіктің мәліметінше, 16 наурыздан бастап Назарбаев даңғылында жұмыстар жүргізілуде. Аль-Фараби даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі учаскеде жол люктері көтерілетін болады.
Жөндеу жұмыстары люктерді жол жабынымен бір деңгейге келтіру үшін атқарылып жатыр. Осыған байланысты аталған учаскеде үш күн бойы қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
Оқиға орнында ескерту жол белгілері орнатылады. Жүргізушілерден өзгерістерді алдын ала ескеріп, бағытын жоспарлау сұралады.
Бұған дейін Алматыда орталық магистральдардың бірінің учаскесі уақытша жабылатыны хабарланған болатын.
16 наурыз 03:00-ден 23 наурыз 00:00-ге дейін Төле би көшесінде Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.
Шектеулер Наурыз мерекесіне арналған іс-шараларды дайындау және өткізу жұмыстарына байланысты енгізіледі.
Сондай-ақ: Шешім бар, жауап жоқ: Алматыдағы Аль-Фарабидегі жолайрық жобасы не болды.


