Астанада 938 орындық жаңа студенттер жатақханасы ашылды

Астанада 938 орынға арналған жаңа студенттер жатақханасы ашылды.
Ғимарат Бейбітшілік көшесінде орналасқан. Қазіргі уақытта жатақханаға «ASTANA POLYTECHNIC», «Сервис және туризм колледжі» және «Мағжан Жұмабаев атындағы халықаралық жоғары колледж» студенттері орналастырылды.
Жатақханада 5 адамға арналған, санитарлық тораптары бар бөлмелер қарастырылған. Сонымен қатар тамақтану аймақтары, спортзал, хореография залы және кітапхана бар.
Сондай-ақ студенттік жобалар мен стартаптарға арналған акселерация орталығы ашылады.
Тұру құны айына 22,5 мың теңге.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...





