Павлодар облысында Сәтбаев көшесіндегі дүкен қоймасындағы өрт сөндіріліп, жалынның бес қабатты үйге таралуына жол берілмеді

Павлодар облысы Сәтбаев көшесінде орналасқан дүкеннің қойма ғимаратында өрт шықты. Оқиға орнына келген облыстық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері өртті сөндірді.
🔥 Нысанның күрделілігі қойманың бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынуымен байланысты болды.
🔥 Өрт сөндірушілер жиһаз жанған ошақты жедел оқшаулап, жалынның тұрғын қабаттарға таралуына жол бермеді. Кәсіби іс-қимылдардың арқасында өрт аумағы 8 шаршы метрмен шектелді.
✅ Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебін анықтаумен анықтаушылар айналысуда.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...





