Астанадағы өрттен үш бала қаза тапты

Астанада өрт салдарынан үш бала қаза тапты.

12 сәуірге қараған түні Түркістан көшесіндегі «Коркем 3» тұрғын үй кешенінің 15-қабатындағы пәтерде өрт шықты. Өрт шыққан пәтерден бір әйел құтқарылды. Ол ауыр күйік алып, қазір №1 көпбейінді қалалық ауруханада ем қабылдап жатыр.
Оқиға орнында құтқарушылар үш кәмелетке толмаған баланың мәйітін тапты. Өрттің шығу себебі әзірге анықталған жоқ.
Әкімдіктің мәліметінше, қаза тапқан балалардың отбасына және зардап шеккен әйелге көмек көрсетіледі. Елорданың ТЖД өкілдері жағдайдың ерекше бақылауда екенін хабарлады.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


