Тоқаев өңірлік «Батыс» қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік қолбасшылықтағы кадрлық тағайындау туралы шешім қабылдады.
Мемлекет басшысының өкімімен Карибаев Нұрлан Серікбаевич өңірлік қолбасшылық «Батыс» әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
Нұрлан Карибаевтың өмірбаяны Нұрлан Карибаев 1978 жылғы 13 қыркүйекте Қызылордада дүниеге келген. Ол:
- ҚР Қарулы Күштерінің Әскери академиясын «мотатқыш әскерлерінің командалық тактикасы» мамандығы бойынша;
- ҚР Ұлттық қорғаныс университетін «әскери және әкімшілік басқару» бағыты бойынша;
- РФ Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын аяқтаған.
ҚР Қарулы Күштерінде мотатқыш взвод командирінен бастап, әртүрлі гарнизондардағы әскери бөлімдер командиріне дейінгі қызмет жолынан өткен. Тағайындалғанға дейін өңірлік қолбасшылық «Оңтүстік» әскерлері қолбасшысының штаб бастығы – бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Еске салайық, наурыз айының соңында Президент Бауыржан Артыковты өңірлік қолбасшылық «Батыс» әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатқан.
Сондай-ақ 3 сәуірде Тоқаев Қазақстан Қарулы Күштерінде кадрлық өзгерістер жүргізді. Мемлекет басшысының өкімдерімен:
- Гусейнов Махсут Курманалиевич ҚР Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол атқарып отырған қызметінен босатылды;
- Усербаев Баглан Абдижалилович өңірлік қолбасшылық «Астана» әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


