Теміртауда 2 метрлік ашық құдыққа құлап кеткен ер адам құтқарылды

Қарағанды облысы Теміртау қаласында 1982 жылы туған ер адам абайсызда тереңдігі 2 метр ашық құдыққа құлап кеткен.

Оқиға Теміртау қаласының Колхозная көшесінде болған. ⛑️ Оқиға орнына жедел түрде жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, сондай-ақ полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы келді.
Бірлескен іс-әрекеттің нәтижесінде медициналық қалқанды пайдаланып, ер адам құдықтан шығарылды. ✅ Ер адам медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


