ҚР ІІМ өкілдері Венада өткен интернет-алаяқтыққа қарсы жаһандық саммитке қатысты 🌍

🌍 ҚР ІІМ өкілдері интернет-алаяқтыққа қарсы жаһандық саммитке қатысты

16-17 наурыз күндері Вена қаласында БҰҰ-ның есірткі және қылмысқа қарсы басқармасы мен Интерполдың бірлесуімен ұйымдастырылған интернет-алаяқтыққа қарсы жаһандық саммит өтті.
Шараға 130-дан астам елдің өкілдері, 17-ден астам министр және 40-тан астам халықаралық компания мен ұйым қатысты.
Қазақстан атынан саммитке ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері қатысып, тәжірибе бөлісті.
Саммиттің негізгі мақсаты — соңғы жылдары трансұлттық сипат алып, ұйымдасқан қылмыстық топтар тарапынан белсенді қолданылып жүрген алаяқтыққа қарсы халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Қатысушылар интернет-алаяқтықтың қазіргі тенденцияларын, қылмыстық схемаларға қарсы іс-шараларды, сондай-ақ құқық қорғау органдарының халықаралық ұйымдармен және жеке сектор өкілдерімен өзара әрекетін талқылады.
Шара барысында ақпарат алмасуды тиімді ету, заңсыз схемаларды анықтауда заманауи технологияларды енгізу, сондай-ақ мемлекеттердің киберқылмыспен күрестегі күш-жігерін үйлестіру мәселелері қаралды.
Қазақстан тарапынан қатысу халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, озық тәжірибе алмасуға және алаяқтық пен басқа да киберқылмыстарға қарсы бірлескен іс-шараларды әзірлеуге бағытталған.
ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті халықаралық өзара әрекеттестікті дамыту, тергеудің заманауи әдістерін енгізу және цифрлық ортадағы қылмыстардың алдын алу тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
📱 POLISIA.KZ


