Өскеменде өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаттарына старт берілді

Өскеменде өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер, әйелдер және жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаттарының мандатты отырысы мен жеребесі өтті. 🌟

Шараға ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Дәурен Данаев, ҚР ТЖМ өрт-құтқару спортын дамыту үйлестірушісі Мақсұт Есполов, сондай-ақ командалардың өкілдері, төрешілер мен жаттықтырушылар құрамы қатысты. 🏅
Отырыс барысында ҚР өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Ұлттық құрамаларының жаттықтырушылар құрамының есептері тыңдалды. Сонымен қатар 2026 жылға арналған жоспарлар талқыланды. ✅
Ертең чемпионаттардың ашылу салтанаты өтіп, шабуыл сатысымен көтерілу дисциплинасы бойынша жарыстың бірінші күні өтеді.


