Иранның Қазақстандағы елшісі: Қазақстанға Иран тарапынан ешқандай қауіп жоқ

🇮🇷🇰🇿 Иранның Қазақстандағы елшісі **Али Акбар Джоукар** Иран тарапынан Қазақстанға ешқандай қауіп жоқ екенін айтты.

Журналистермен әңгіме барысында дипломат Тегеранның Қазақстанды және Орталық Азия елдерін ықтимал нысана ретінде қарастырмайтынын, сондай-ақ олар үшін, оның ішінде зымырандық тұрғыда да, ешқандай тәуекел тудырмайтынын атап өтті.
Елшінің сөзінше, өңір үшін теориялық қауіп тек Иранның өз ішінде тұрақсыздық орын алған жағдайда туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда Таяу Шығыстан террористік топтардың ену қаупі пайда болады. Алайда ол елдегі тұрақтылық сақталған жағдайда мұндай қатерлер болмайтынын айтты.
Диктор: @dakin_sobkor
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


