Ақтөбе облысында жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тапты

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында 20 наурызға қараған түні топтық төбелес болып, оның салдарынан 17 жастағы жасөспірім қаза тапты.
Туыстарының айтуынша, жасөспірім пышақ жарақатын алып, кейін көз жұмған. Марқұмның жуырда мектепті бітіргені, жұмыс істегені және әскер қатарына шақырылуға дайындалғаны, одан кейін жоғары оқу орнына түсуді жоспарлағаны белгілі.
Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қақтығысқа қатысқан барлық адамдар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Ұсталғандардың да кәмелетке толмағаны, олардың 17 жаста екені атап өтіледі. Тергеу полиция басшылығының бақылауында.
t.me/kriminal_kazakhstan
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...

