Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек: жаңа басшы келгенде «команданы» толық ауыстыру тәжірибесін тоқтату керек

Қазақстандағы мемлекеттік қызметте жаңа басшы тағайындалған кезде бүкіл команда ауысып кететін жағдайлар жиі кездеседі. Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Бақытжан Базарбек мұндай тәжірибені тоқтату қажет екенін мәлімдеді.
Депутат кадрлардың жаппай ауысуын «командалық сөз байласу» деп атап, басшы кеткеннен кейін қызметкерлер өз орындарында қалуы тиіс деген пікір білдірді.
«Про командную работу, командный сговор. Мы уже больше 10 лет говорим. У нас, когда меняется аким, вся команда меняется. И мы 10 лет об этой проблеме говорим. Мы должны прекратить это командное перемещение. Если назначен новый министр, новый аким, то команда старая должна оставаться на месте», — деді Базарбек мемлекеттік қызмет туралы заң талқылауы кезінде.
Сонымен қатар Базарбек мемлекеттік қызметшілер үшін жұманы “шығармашылық күн” ету туралы ұсыныс айтты.
Контекст
2025 жылғы ақпанда Абай облысының әкімі болып Берік Уәли тағайындалды. Жақында өткен баспасөз мәслихатында журналистер одан неге өз командасын өңірге ауыстыруды шешкенін сұрады. Олар мұндай кадрлық ауыс-түйістердің бұрын әрдайым нәтиже бере бермегенін де атап өтті.
Уәли бұл тәжірибені ақталған деп санайтынын айтып, оны кадр тапшылығымен және жергілікті жерлерде басқару жүйесін қалпына келтіру қажеттілігімен түсіндірді. Оның сөзінше, ол «жақсы білетін және кәсібилігіне сенімді» адамдарды шақырған.
Еске салайық, Қазақстанда мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң әзірленді. Құжатта мемлекеттік қызметшілердің жалақысы кемінде үш жылда бір рет өсетіні және демалыс ұзақтығы артатыны көрсетілген.


