Алматыда «Стоп-нарушения» операциясының алғашқы тәулігінде 2 мыңнан астам жол ережесін бұзу тіркелді

Алматыда 1 сәуірде басталған ауқымды «Стоп-нарушения» жедел іс-шарасының алғашқы 24 сағатында 2 мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелді.
Алғашқы тәулікте қалада полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2200-ден астам дерегін анықтаған. Олардың қатарында:
- көлікті мас күйде басқару;
- қарсы қозғалыс жолағына шығу;
- жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізу.
Сонымен бірге бір тәулікте электросамокаттарға қатысты шамамен 400 құқықбұзушылық тіркелген. Оның ішінде электросамокатты кәмелетке толмағандардың басқарған жағдайлары да болған.
Жұмысты күшейту үшін Алматыға Астанадан, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды және Жамбыл облыстарынан полиция экипаждары тартылған. Қосымша күштер жолдардағы тәртіп пен қауіпсіздікті бақылауды күшейту мақсатында жұмылдырылған.
Операция басталар алдында мессенджерлерде алматылық жүргізушілер арасында Алматыға патрульдік полицияның қосымша экипаждары ауқымды рейдтер үшін жіберілетіні туралы хабарлама тараған. Келесі күні әлеуметтік желі қолданушылары жолдарда басқа өңірлердің нөмірлері бар патрульдік көліктер көбейгенін атап өткен.
Еске сала кетейік, 21 наурызда Алматыда резонанс тудырған жол-көлік оқиғасы болған. Әл-Фараби және Мендікулов көшелерінің қиылысында Mercedes пен Zeekr көліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты: Mercedes көлігінің 29 жастағы жүргізушісі және 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз оқиға орнында көз жұмған. Zeekr жүргізушісі аман қалып, жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Жол апаты кезінде оның мас болғаны көрсетілген.
Сондай-ақ мемлекеттік нөмірлік белгілердің ықтимал заңсыз берілуі туралы уәждер бойынша ішкі қауіпсіздік департаменті қылмыстық іс қозғаған, бірқатар лауазымды тұлғалар қызметінен айырылған.
Бұған қоса, сенат депутаты Марат Қожаев жылдамдық режимін және басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзатын жүргізушілер туралы қатаң пікір білдірген.


