Александр Олейник Игорь Ларионовтың Олимпиада финалына кетуін сынға алды

КСРО мен Ресей құрамасының аңыз хоккейшісі, қазір петербургтік СКА клубының бас бапкері Игорь Ларионовтың әрекеті қазақстандық комментатор Александр Олейникті таңғалдырды.
Қазақстандық сарапшы СКА бас бапкерінің тұрақты чемпионаттағы матчтың орнына Италиядағы Олимпиада ойындарының финалына кетуін түсініксіз деп бағалады. Ларионов Мәскеудің ЦСКА командасына қарсы кездесуді өткізіп алып, Олимпиада финалында АҚШ құрамасының Канадаға қарсы тарихи жеңісін тікелей тамашалауды таңдаған.
"А как тебе отъезд тренера на олимпийский финал, бросившего свою команду в день матча? Ну каково это? Ну это же сюр", - считает эксперт.
Олейниктің айтуынша, кейін Ларионов баспасөз мәслихатында мадридтік "Реал" ойынын көруге асығып жүргенін де айтқан.
"Да, а потом рассказывал о том, что они разговаривали с функционерами Северной Америки о том, чтобы допустить Россию до мировых соревнований. Ничего этого не было в итоге. > > Я говорю, что Ларионов – это идеальный тренер для пресс-конференций. Его можно на "Матч ТВ" позвать, он вам там все расскажет, будет интересно. Вот и все. А так, он уже доказал, и все убедились в этом лишний раз, что все зависит от помощников", - заявил Александр Олейник во время интервью YouTube-каналу SauBall.
Ларионов қатыспаған СКА – ЦСКА матчы 3:0 есебімен петербургтік клубтың пайдасына аяқталды. Сол ойында команданы жаттықтырушылар Юрий Бабенко мен Леонид Тамбиев басқарды. Тамбиев өткен маусымда Қазақстан құрамасы бапкерінің ассистенті болған.
Кейін Гагарин кубогының плей-оффының бірінші раундында командалар қайта кездесіп, серия ЦСКА пайдасына 1:4 есебімен аяқталды. Бұл кездесулердің барлығында Ларионов өз командасының орындығында болған.
Игорь Ларионовтың мансабы
Игорь Ларионов — екі дүркін Олимпиада чемпионы.
Ойыншы ретінде Ларионов ЦСКА сапында, сондай-ақ Солтүстік Америкадағы НХЛ клубтарында өнер көрсетті. 1997 жылдан 2002 жылға дейін ол "Детройт Ред Уингз" құрамында үш рет Стэнли кубогын жеңіп алды.
Сонымен қатар, Ларионов ойыншы ретінде КСРО құрамасы сапында әлем чемпионатын 4 рет ұтып, Олимпиада ойындарының алтынын екі мәрте иеленген.
Ол тарихтағы "Үштік клубқа" (әлем чемпионаты, Олимпиада ойындары және Стэнли кубогы) кірген сегізінші хоккейші атанды.
2020 жылы Ларионов Ресейдің 20 жасқа дейінгі құрамасының бапкері болды, ал 2022 жылы алғаш рет клубты — Нижний Новгородтың "Торпедосын" басқарды. 2025/2026 маусымы Ларионов үшін петербургтік СКА тізгініндегі алғашқы маусым болды, алайда команда Гагарин кубогы үшін күресті екінші жыл қатарынан бірінші раундта аяқтады.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының және "Магнитка" клубының қақпашысы Джелал-Ад-Дин Амирбеков Жоғары хоккей лигасының (ВХЛ) 1/8 финалында үздік жаңа ойыншы атанған.
Сондай-ақ комментатор әрі сарапшы Александр Олейник ҚХЛ-дағы тұрақты маусым аяқталғаннан кейін елордалық "Барыс" маусымының қорытындысын бағалады.


