Алматы тауларында Көк-Жайлаудан түсіп келе жатқан туристке құтқарушылар көмек көрсетті

🌄 Алматы тауларында туристке көмек көрсетілді
📍 Құтқару қызметіне 2007 жылы туған қыз хабарласып, Көк-Жайлау шатқалынан (биіктігі – 2200 м) түсіп келе жатқанын айтқан. Күннің батып, ауа райының нашарлауына (жаңбыр) байланысты ол жолдан адасып кетуден қауіптенген.
Турист өзінің геолокациялық мәліметтерін жіберіп, қауіпсіз түсіру үшін көмек сұраған.
🚁 Құтқару жұмыстарын жүргізу үшін «ҮАШ» БҚП құрамынан Алматы қаласы ТЖД құтқару қызметінің экипажы аттанған.
⛑️ Құтқарушылар туристті тауып, жылы киіммен қамтамасыз етіп, оны Кәмен үстіртіне дейін қауіпсіз түсіруді қамтамасыз еткен. Қызда құрғақ ауыстыратын киім және такси шақыруға қаражаты болмағандықтан, оны жатақханаға жеткізу туралы шешім қабылданған.
✅ Турист қауіпсіз жеткізілген. Медициналық көмек қажет болмаған.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе




