Зумерлер «жұмыстық полиаморияны» таңдап жатыр


Z буыны классикалық 5/2 жұмыс кестесінен жаппай бас тартып, бірден бірнеше ауысымды жұмысты таңдауға бет бұрды.
Бұрын бұл бос уақытта істелетін қосымша табыс көзі ретінде қабылданса, қазір модель өзгерген: зумерлер бір тәуліктің ішінде әкімші, курьер және бармен рөлдерін саналы түрде қатар алып жүреді.
Мұндай тәсіл зумерлерге күйіп кетуден (выгорание) сақтануға және табысты әртараптандыруға көмектеседі. Психологтардың пікірінше, бұл — ата-аналарының бір компанияға жылдар бойы адал болып, бірақ күткен тұрақтылыққа қол жеткізе алмаған тәжірибесіне реакция. 20 жастағылар үшін мансаптық баспалдақтан гөрі икемді жұмыс кестесі маңыздырақ бола бастаған.
Финансист | Бизнес
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


