Надежда Рябец Азия чемпионатында алтын алып, марапаттау рәсімінде көзіне жас алды

Қазақстандық боксшы Надежда Рябец Азия чемпионатының алтын медалін табыстау рәсімінде көзіне жас алды.
Финалда ол 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Өзбекстан өкілі Рухшона Парпиеваны төрешілер шешімімен 5:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды.
Алтын медаль Рябец үшін мансабындағы алғашқы алтын болғанына қарамастан, спортшы финалдың оңай өтпегенін айтты.
"Бой прошел, не скажу, что легко. Достаточно тяжело. Соперников, как я уже говорила, недооценивать нельзя. Ну, сложный бой. Я думала, будет мне полегче немножечко. Но что-то, видимо, сама немножечко расслабленная вышла. Но благо, что все три раунда отдали нам, и мы победили", — деді ол қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметіне.
Барлық 10 салмақ дәрежесіндегі жекпе-жектер аяқталғаннан кейін, медальдарды табыстаудың үлкен рәсімі өтті. Надежда тұғырға көтеріліп, стадионда Қазақстан әнұраны шырқалған кезде ол эмоциясын ұстай алмады.
Чемпионатта Надеждадан бөлек, Қазақстан құрамасының тағы төрт спортшысы жүлде алды:
- 80 келіден жоғары салмақта Дина Исламбекова чемпион атанды;
- 70 келіге дейін салмақта Бахыт Сейдиш күміс медаль иеленді;
- Айгерим Саттыбаева мен Валентина Хальзова қола жүлдегер атанды.
Осы нәтижемен Қазақстанның әйелдер құрамасы медальдық есепте Үндістаннан кейін екінші орынға тұрақтады.
Бұған дейін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Кристина Шумекова марапаттау кезінде қосылған Қазақстан әнұранының ескі нұсқасына қатысты жағдай туралы пікір білдірген болатын.


