Астанада ер адам іш киіммен балалар алаңында пышақ ұстап жүгірген
Астанада ер адам балалар алаңында іш киіммен жүгіріп, қолындағы пышақты сермеп, ауыр балағат сөздер айтқан.

Оқиға Петров көшесіндегі аулалардың бірінде болған. Әлеуметтік желіде тараған кадрларда 39 жастағы ер адамның балалар алаңында бір ғана іш киіммен жүгіріп, пышақпен қорқытып, боқауыз сөздер айқайлағаны көрінеді.
Тұрғындар полиция шақырған. Келген қызметкерлер оны 20 минуттан кейін ұстады. Ер адам ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылып, 20 тәулікке қамауға алынды.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


