Астанада балталы ер адам тұрғын үйдің тұрғындарын шошытты: полиция 31 жастағы күдіктіні ұстады

Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде балта ұстаған ер адам тұрғындарды шошытты. Оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді.
Не болды Куәгерлердің айтуынша, тұрғын үй кешендерінің бірінің подъезінде мас күйдегі ер адам бір адамға шабуыл жасаған. Оқиғаға байланысты редакцияға бейнебақылау камераларынан алынған видео жолданған.
Полиция не дейді Қалалық полицияның мәліметінше, аталған дерек бойынша 31 жастағы ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген.
Полицияның хабарлауынша, ол танысының пәтерінде болған, онда жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бірге алкоголь ішкеннен кейін ол қолына құрылыс құралын алып, агрессивті әрекетке барған.
Полиция қызметкерлері оның құқыққа қайшы әрекеттерін тоқтатқан. Кейін подъезде жүрген кезде ол әйнекті сындырған, соның салдарынан өзі кесілген жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсетілген, басқа адамдар зардап шекпеген.
Ер адам қоғамдық орында мас күйде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, елордалық полицияның арнайы қабылдау орнына қамалған.

