Астанада балалар алаңында жалаңаш ер адам пышақпен жүгіріп, айналасындағыларға қоқан-лоқы көрсеткен

Астана қаласында Петрова, 2 мекенжайындағы үйдің ауласында жалаңаш ер адам қатты айқайлап, айналасындағыларға қоқан-лоқы көрсеткен. Оқиға балалар алаңында болып, балаларды шошытқан.
Тұрғындар полиция шақырған. Шамамен 20 минуттан кейін ер адам ұсталды. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Полиция мәліметінше, ұсталған азамат 39 жаста. Ол «Алматы» ауданының Полиция басқармасына жеткізіліп, ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасын тағайындады.
t.me/kriminal_kazakhstan
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


