14 жастағы футболшы Медет Қусаинов ұлттық құрама капитаны Нұралы Әліппен және команда ойыншыларымен кездесті

14 жастағы футболшы Медет Қусаинов ұлттық құраманың капитаны Нұралы Әліппен және командадағы өзге ойыншылармен кездесті. Бірнеше ай бұрын ол әлем чемпионатына іріктеу аясындағы Қазақстан – Уэльс матчында Әліпке көмектескен еді.
Өткен жылдың қыркүйегінде ұлттық құраманың екінші таймында елордалық спорт мектептерінің бірінде оқитын ойыншы Медет алаңға жүгіріп шығып, аяқ бұлшықеті тартылып, жерге жата кеткен Әліпке көмектесіп, капитанды «құтқарып» қалған.
Осы жағдайдан кейін Әліп оған өз жейдесін сыйлайтынын айтқан.
Нәтижесінде капитан уәдесін орындап, Медетті ұлттық құраманың басқа ойыншыларымен де таныстырды. Олардың қатарында Максим Самородов, Темірлан Анарбеков, Ғалымжан Кенжебек және басқа да футболшылар бар.
Футбол мектебінің жетекшісі, жас ойыншы бұрын оқыған мектептің басшысы Дәулет Жәкішевтің айтуынша, жейде жақында ғана табысталған.
«Буквально на прошлой неделе мы получили футболу - Нуралы все некогда было. Как раз сборная играла против Коморских островов. Созвонились, он пригласил Медета, со сборной познакомил. Мальчик, конечно, полон счастья, воодушевленный», — рассказал в беседе с нашим корреспондентом руководитель футбольной школы, в которой ранее обучался юный футболист Даулет Джакишев.
Медеттің өзі де ұлттық құрама ойыншысы болуды армандайды. Ол жасөспірімдер арасындағы «Астана» командасында тірек жартылай қорғаушы позициясында ойнаған және Хорватияның «Алтын доп» иегері Лука Модричтің ойынына жанкүйер.
Наставниктің сөзінше, қазір Медет өз арманына тағы бір қадам жақындаған.
«Кстати, он переехал в Испанию. Мы сейчас с этим мальчиком работаем по развитию его именно в Барселоне. Сейчас занимаются им наши агенты, подбором клуба. Несколько клубов заинтересованы в нем. Так что... Этот мальчик, он как раз прям в день отъезда получил мотивационную поддержку», — отметил Даулет.
Еске сала кетейік, өткен аптада «Барселонамен» келісімшартқа 15 жастағы қазақстандық Карим Мендиканов қол қойған.
Сондай-ақ тілші баланың алғашқы бапкерлерінің бірімен байланысып, футболшының қалыптасу жолына қатысты мәліметтерді анықтаған.
Қазақстан – Уэльс матчындағы Әліппен болған әңгіменің барлық егжей-тегжейі және үлкен матчта болбой болу жолдары туралы сұхбаттың видеонұсқасы SauBall YouTube-арнасында жарияланған.
14 жастағы қазақстандық Әліпті «құтқарғаннан» кейін әлеуметтік желілерде жұлдызға айналған.
Бұған дейін Қазақстан – Уэльс матчы кезіндегі жағдайға қатысты «Астана» командасындағы баланың бапкері Павел Халезов пікір білдірген.


