Алжирлік олимпиада чемпионы Иман Хелиф Парижде кәсіби рингке қайта оралады

Алжирлік олимпиада чемпионы, боксшы Иман Хелиф гендерлік тесттерге байланысты дау-дамайдан кейін кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді.
Хелиф 23 сәуірде Парижде рингке шығады. Оның қарсыласы — Германияның тәжірибелі өкілі Юлия Игель.
Бұл кездесу Иман Хелиф үшін кәсіби аренадағы екінші жекпе-жек болмақ. Оның алғашқы кәсіби айқасы Олимпиадаға дейін өтіп, қарсыласы үшін үшінші раундта нокаутпен аяқталған.
Олимпиада ойындарындағы жеңісінен кейін Хелиф ресми жекпе-жектер өткізбеген.
Иман Хелифке қатысты дау
Иман Хелифке қатысты дау 2024 жылы Париждегі Олимпиада ойындары кезінде басталған. Әйелдер боксы жарысының 1/8 финалында италиялық Анджела Карини Хелифке қарсы жекпе-жектен бас тартып, алжирлік боксшының «керемет күші» бар екенін алға тартқан.
Осыдан кейін желіде Хелиф спорттық нәтижені жақсарту үшін жынысын ауыстырды деген айыптаулар айтыла бастады. Көптеген инфлюенсерлер, соның ішінде Дональд Трамп, Джоан Роулинг және Илон Маск боксшыны жарыстардан шеттету керек екенін қолдаған.
Олимпиада Хелифтің триумфымен аяқталғаннан кейін, боксшы өзін жынысын ауыстырды деп айыптағандардың барлығын сотқа беретінін мәлімдеген.
Оқиға 2025 жылы жалғасты: World Boxing енді бокстан әлем чемпионатына қатысатын барлық спортшылар генетикалық тесттен өтуге міндетті болатынын жариялаған. Алжирлік спортшының тест тапсырудан бас тартуына байланысты, оны әлем чемпионатына жібермеген.
Кейінірек Спорттық арбитраж сотының (CAS) баспасөз қызметі Хелифтің World Boxing шешіміне қарсы апелляция бергенін хабарлаған, алайда ол турнирге қатыспаған.
Бұған дейін Халықаралық олимпиада комитеті (МОК) Олимпиада ойындарындағы әйелдер жарыстарына енді тек жынысын генетикалық тест арқылы растаған спортшылар ғана қатыса алатынын мәлімдеген.


