Алматы облысында ер адам әйелді күрекпен ұрып-соқты

3 наурыз күні күндіз Алматы облысындағы Суықсай ауылында әйелге қатысты зорлық-зомбылық оқиғасы тіркелді. Тергеу дерегіне сәйкес, 49 жастағы мас ер адам ауылдық амбулаторияның меңгерушісіне оның үйінің ауласында шабуыл жасаған.
Хабарланғандай, бұған дейін ер адам әйелдің кәмелетке толмаған балаларын балағаттаған. Әйел ескерту жасағаннан кейін, күдікті оған күрекпен тап беріп, көп мәрте соққы жасаған, оның ішінде басынан да ұрған. Оқиғаның әйелдің кәсіби қызметіне қатысы жоқ екені айтылды.
Шабуылдаушыны балалардың айқайына жүгіріп келген жергілікті тұрғындар ғана тоқтата алған.
Жәбірленуші ауыр жарақат алған: қол сүйектері сынған, сондай-ақ көптеген көгерулер бар. Әйелдің саусақтары тігілген, басына да тігіс салынған. Ол әлі күнге дейін ауруханада жатып, ем қабылдап жатыр.
Полиция қызметкерлері денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Күдікті ІВС-ке қамалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.
t.me/kriminal_kazakhstan


