Бурабай ауданындағы Рассыпуха тауында құтқару операциясы өтті

ТЖМ — бұл тек техника ғана емес, сонымен қатар қызметкерлердің төзімділігі!

⛰️ Бүгін Ақмола облысының Бурабай ауданында Рассыпуха тауында құтқару операциясы өтті. 1981 жылы туған әйел адам көтерілу кезінде аяғын жарақаттап, өздігінен төмен түсе алмай қалған.
⛑️ Көмек туралы хабарламаға ТЖМ бөлімшесінің қызметкерлері жедел әрекет етті. Тау беткейінің тік болуы мен жер бедерінің ерекшеліктерін ескере отырып, құтқарушылар зардап шегушіні жаяу түрде абайлап эвакуациялады. Әйел адамды қолмен көтеріп, таудың етегіне дейін түсіріп, сол жерде күтіп тұрған «103» қызметінің бригадасына тапсырды.
⚠️ ТЖМ тауға шығар алдында өз күшіңізді дұрыс бағалауға, ыңғайлы аяқ киім таңдауға және өзіңізбен бірге қуаты толық телефон алып жүруге шақырады. Таулар қателікті кешірмейтінін ұмытпаңыз.
МЧС — это не только техника, но и физическая выносливость сотрудников!
⛰️ Сегодня в Бурабайском районе Акмолинской области развернулась спасательная операция на горе Рассыпуха. Женщина 1981 года рождения во время восхождения получила травму ноги и потеряла возможность самостоятельно продолжить спуск.
⛑️ Сигнал о помощи оперативно отработали сотрудники подразделения МЧС. Учитывая крутизну склонов и особенности горного ландшафта, спасатели организовали бережную пешую эвакуацию пострадавшей с высоты. Женщину благополучно спустили на руках к подножию горы, где её уже ожидала бригада службы «103».
⚠️ МЧС призывает отправляясь в горы, всегда адекватно оценивать свои силы, выбирать удобную обувь и иметь при себе заряженный телефон. Помните, что горы не прощают ошибок.


