Ақмола облысында Макинск қаласында өрт кезінде 20 адам эвакуацияланды

🔥 Ақмола облысында өрт кезінде 20 адам эвакуацияланды
Макинск қаласы Сейфуллин көшесінде орналасқан бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. Өрт бірінші қабаттағы пәтердің балконынан басталып, кейін төбе жабындысына таралған.
Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ күштері мен құралдары келді. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында оттың таралуы дер кезінде тоқтатылып, ауыр салдардың алдын алынды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құтқарушылар 20 адамды эвакуациялады. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығуына отты абайсызда қолдану себеп болған.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


