Түркия лираны қорғау үшін $135 млрд резервті пайдалануды қарастырып отыр

⏺Түркия лираны қорғау үшін $135 млрд резервті пайдалануды қарастырып отыр — Bloomberg

Ирандағы дағдарыс аясында Түркияның Орталық банкі лираны қолдау мақсатында өзіндегі ірі алтын резервтерінің бір бөлігін пайдалануы мүмкін. Мәліметке сәйкес, $135 млрд резервтің шамамен $30 млрд бөлігі Англия банкінде сақтаулы және валюталық интервенциялар жүргізуге дайын.
Экономикадағы жағдайға қатысты негізгі деректер:
🤍 Инфляция 31,5%-ға жетті — бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
🤍 Орталық банк шетелдік облигацияларды, соның ішінде АҚШ қазынашылық қағаздарын сатуын жалғастыруда (соңғы апталарда $16 млрд).
🤍 Лирамен қаржыландыру құны 40%-ға дейін көтерілді, ал базалық мөлшерлеме 37% деңгейінде қалып отыр.
🤍 Шетелдік инвесторлар түрік мемлекеттік бағалы қағаздарынан белсенді түрде шығып жатыр, ал жергілікті тұрғындар банкаралық бағамнан жоғары бағамен доллар сатып алуда.
Финансист | Бізнес


