Алматыда Санжар Бокаевтің ұсталған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады

Әлеуметтік желілерде Алматыда Санжар Бокаевтің ұсталған сәті түсірілген видео пайда болды.
Видеода Санжар Бокаевтің көліктің жанында тұрғаны және оны арнайы бөлімше қызметкерлері қоршап алғаны көрінеді.
Бұған дейін Бас прокуратура Алматыда Санжар Бокаевтің ұсталғанын хабарлаған. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол ағаш кесуді және ұрлықтарды ұйымдастырып, кейін оны түсіріп, әлеуметтік желілерде тарату арқылы теріс пікір қалыптастырған.
Ведомство мәліметінше, ол қылмыстарға аз қамтылған адамдарды сыйақы үшін тартқан. Сондай-ақ Бокаев аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


